Жаңалықтар

Жапония императорлық әулетінің өкілі ханшайым Акико Түркияға ресми сапар жасап, екі ел арасындағы мәдени байланыстарға тың серпін берді.

Бұл сапар Жапония мен Түркияның дипломатиялық қатынастарының 100 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Ханшайым Шанлыурфа өңірінде жаңа археологиялық қазба – Айанлар Хөyük нысанын ашты. Бұл қазба әйгілі «Taş Tepeler» жобасына қосылған 12-ші нысан болып саналады. Жобаға Жапонияның Чиба технологиялық институты мен Анадолы археологиясы институты қатысып, неолит дәуірін зерттеуде маңызды нәтижелер күтілуде.

Акико ханшайым әлемге танымал Гөбеклітепеге барып, жуырда табылған ерекше адам мүсінін алғашқылардың бірі болып тамашалады. Сонымен қатар Ыстамбұлда жапон керамикасына арналған көрмені ашып, Йылдыз сарайындағы жапон-түрік достығының символына айналған тарихи жәдігерлермен танысты.

Сапар барысында Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой ханшайымға жолсерік болып, Шанлыурфа мен Анкарадағы нысандарды аралатты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button