Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰМАУ МЕН ЖРВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында 2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 17 690 адамға «Гриппол+» екпесі егілген. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары Бауыржан Сатыбалды мәлімдеді.

 

«Түркістан облысында 683 инфекциялық төсек-орын бар. Бүгінгі таңда ЖРВИ диагнозымен 603 науқас анықталса, 159 азаматтан пневмония анықталып отыр. Сондай-ақ, өңірде 280 пульмонологиялық төсек-орын бар. Оның ішінде ересектерге арналған пульмонологиялық төсек-орын саны – 90, ал балаларға арналғаны – 190», – деді спикер.

 

Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Еркінбекова өңірдің вирусты ауруларға қарсы дайындығы жайында баяндады.

 

«Облыс бойынша 2025 жылы жергілікті бюджет қаржысынан тұмауға қарсы Ресейде шығарылған «Гриппол+» екпесінің 271 348 данасымен жоспарға сәйкес облыс тұрғындарының 12,8%-ы қамтылады. Қазіргі уақытта облыстық қоймаға 96 096 дана екпе жеткізілген. Жеткізілуі бойынша қысқа мерзімде тиісті контингенттер мен топтарға екпелер ұйымдастырылып жүргізілетін болады», – деді Ақерке Мақұлбекқызы.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button