Жаңалықтар

Халықаралық зағиптар күніне арналған «Бақыттың сырлары: саусақпен және жүрекпен сезінемін» мерекетерапиясы

Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Халықаралық Ақ таяқ күніне орай балалар мен жасөспірімдерге арналған іс-шара өткізеді. Бұл күн – зағип және көру қабілеті төмен жандарға құрмет, көмек пен мейірімділік танытатын күн. Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушылары мен жалпы қоғамның назарын көру мүмкіндігі шектеулі адамдардың өміріне аудару, инклюзивті ойлауды қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарауды дамыту.
Іс-шараның бағдарламасы мазмұнды әрі әсерлі болады. Ерекше назар зағип және көру қабілеті төмен оқырмандардың авторлық өлеңдерінің таныстырылымына аударылады. Терең мазмұн мен өмірлік күшке толы бұл поэтикалық жолдар LED-экранда көрсетіліп, көрермендерге терең әсер мен шынайы таңданыс сыйлайды.
Кітапхана қызметкерлері көру қабілеті бұзылған балаларға арнайы жасалған «Мақта қыз» тактильді кітабын ұсынады. Бұл басылым – баршаға қолжетімді әдебиет жолындағы кезекті маңызды қадам болмақ.
Іс-шараның қонақтары Шығыс Қазақстан облыстық өнер музейінің өкілдері болады, олар «Сезім формасы» атты шағын тактильді көрме өткізеді. Бұл – өнер туындыларын жанасу арқылы «көрудің» бірегей мүмкіндігі. Қатысушылар өнерді қолмен сезіну арқылы, зағип жандар үшін мәдениетті қолжетімді түрде қабылдаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеді.
Бағдарлама аясында «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің көркем сөз үйірмесінің оқушылары Абай Құнанбайұлының шығармаларынан үзінділерді оқиды. Олардың орындаулары қонақтарды шабыттандырып, рухани құндылықтар мен сөздің құдіреті туралы есте салады.
Ақ таяқты қолдану бойынша шеберлік сабағына ерекше көңіл бөлінеді. Қатысушылар бұл маңызды құралмен тәжірибе жүзінде танысып, зағип адамдар күн сайын кездесетін қиындықтарды түсінеді, әрі оларға назар аудару мен қолдау көрсетудің маңызын ұғынады.
Іс-шара тек мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар жанашырлықты, түсіністік пен инклюзивті ойлауды қалыптастыратын қуатты құрал болмақ. Барлық қатысушылар бұл кездесуден жаңа біліммен, терең эмоциялармен және әрбір адам өзін қажет әрі қабылданған сезінетін қоғам құруға деген нық ниетпен қайтатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button