Зауыттағы мотивациялық сабақ: Өскемендік оқушылар табысты мамандармен кездесті

Шығыс Қазақстан облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жастарға бағытталған ерекше бастама – «Дублер күні» өтті. Іс-шараны облыстық білім басқармасы мен «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» ұйымдастырып, ол ТОО «Согринская ЖЭО» базасында өтті.
Мақсат – оқушыларды нақты еңбек жағдайымен таныстырып, өз мамандығын саналы таңдауға ынталандыру. №23 мектептің оқушылары энергетика саласындағы кәсіби мамандардың жұмысымен танысып, өндіріс процесін бақылап, қарапайым техникалық тапсырмаларды орындады.
Сондай-ақ, олар жылу энергиясын өндіру мен таратудың негізгі кезеңдері туралы ақпарат алды, кәсіпорындағы заманауи технологиялар мен қауіпсіздік талаптарымен танысты.
Мұндай шаралар жастарға еңбек пен инженерлік мамандықтардың қоғамдағы маңызын түсінуге, техникалық салада табысты мансап құрудың жолдарын көруге мүмкіндік береді. Іс-шара соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, кәсіпорынның тәлімгерлерінен пайдалы кеңестер алды.


