МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУҒА АРНАЛҒАН

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Ұлытау облысының әкімі аппараты, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының әкімі аппараттары мен мемлекеттік органдары, сондай-ақ Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен мемлекеттік қызметтегі бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізудің мақсаты — халықты мемлекеттік мекемелердегі бос орындар бойынша ақпараттандыру, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және жастарды мемлекеттік қызметке тарту болып табылады.
Бос орындар жәрмеңкесінде мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі арқылы жоғарғы оқу орындарын GPI көрсеткіші 3,33 бойынша мемлекеттік грантта оқуды бітірген жастарды конкурссыз тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмысқа орналасуға ниет білдірген азаматтарға түсіндіру шаралары жүргізілді.
Өткізілген бос орындар жәрмеңкесіне 150-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды.
Бұдан әрі облыс тұрғындары үшін мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында бос орындар жәрмеңкесі облысымыздың қалған қалалары мен аудандарында да ұйымдастырылып өткізілетін болады.



