Жаңалықтар

«Күмбірлеген күй ғұмыр» – өнер арқылы ұрпақтар диалогы

Ұлан ауданында ұлттық өнердің шырайын келтіріп жүрген шебердің бірі – домбыра жасаушы Жанарбек Қазезұлы. Қарапайым ғана шеберханада ол күніне төрт домбыраға дейін дүниеге әкеледі. Қолөнердің қыр-сырын терең меңгерген шебер аға осы қасиетті кәсіппен жиырма жылға жуық уақыт бойы табанды түрде айналысып, ұлттық өнердің үнін жаңғыртып келеді.

 

Жанарбек Қазезұлы бала күнінен атасы мен әкесінің домбыра шерткенін көріп өскен. Сол сәттен күйдің сыры мен сиқыры жүрегіне сіңген ол бүгінгі күні өз қолымен домбыра жасап қана қоймай, дәстүр сабақтастығын жалғап келеді. Шебердің қолынан шыққан аспаптарға сұраныс ерекше, әсіресе өнерге құштар жастар мен оқушылар жиі жүгінеді. Ал алғашқы жасаған домбырасы – үйінің төрінде сақталған қымбат естелік.

 

Домбыраның бірнеше түрін жасайтын шебер бір сапалы аспапты шамамен бір аптада дайындайды. Ұлттық өнерге қызыққан шәкірт табылса, білгенін тегін үйретуге әрдайым дайын.

 

Жанарбек Қазезұлының еңбегі арқылы ұрпаққа өнер мен дәстүрдің үні жетіп, домбыраның сазы өмірге мән, рухқа дем береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button