Жаңалықтар
🌷Бүгін 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай нәзік жандылармен қала әкімінің мерекелік кездесуі өтті.

🌷Еркін форматтағы мерекелік жиында алғашқы құттықтау сөз Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Абдоллаұлына беріліп, қала басшысы аяулы аналар мен аруларға жүрекжарды лебізін білдірді.
🌷Салтанатты шара барысында алтын құрсақты аналарға «Күміс алқа» табысталып, асыл жандарға ерекше құрмет көрсетілді.
🌷Кештің концерттік бағдарламасында қаламыздың үздік көркемөнерпаздар ұжымдары, қала әншілері өнер көрсетті.
🌷Аяулы аналар мен ардақты аруларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!



