Жаңалықтар

20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Жаңаарқа ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің күрес залында ұлттық спорт түрлерінің салтанатты ашылуы өтті.

Салтанатты жиында ұлттық мұрамызды дәріптейтін тоғызқұмалақ, асық ату, аударыспақ, бәйге, қазақ күресі және дәстүрлі садақ ату түрлері бойынша жарыстардың шымылдығы түрілді. Бұл жарыстар – жас ұрпақты ептілікке, батылдыққа, төзімділікке баулитын, ата-баба дәстүрін жаңғыртатын маңызды бастама.

Ұлттық спорт – ұлт рухының айнасы. Осындай игі шаралар арқылы төл спортымыз дамып, жас буынның бойында отансүйгіштік пен намыс қасиеті нығая түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button