Жаңалықтар

Жәйрем кентінде «Конституциялық реформа – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті.

Бүгін Жәйрем кентіндегі №11 мектептің еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер жөнінде ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

 

Кездесу барысында конституциялық жаңартулардың негізгі мәні түсіндіріліп, олардың қоғам өміріне, құқық қорғау жүйесіне және азаматтардың күнделікті өміріне әсері кеңінен талқыланды.

 

Ақпараттық-түсіндіру тобы заң үстемдігін нығайту, демократиялық құндылықтарды сақтау және елдің тұрақты дамуына қосқан үлесі жайлы толық мәлімет берді.

 

Ұжым мүшелері өз ой-пікірлерін айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық форматтағы диалог азаматтар арасындағы түсіністікті арттыруға және қоғамдағы азаматтық белсенділікті көтеруге ықпал етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button