Жаңалықтар

Астанада «Келешек мектептері» мектеп оқушылары арасында өткен республикалық футзал турнирі қорытындыланды

Елордада «Келешек мектептері» мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған республикалық футзал турнирі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге еліміздің барлық өңірлерінен келген 20 команда қатысты.

Турнир барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, командалық үйлесімділік пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Ойындар тартысты әрі қарқынды өтіп, жанкүйерлер әдемі голдар мен әсерлі сәттердің куәсі болды.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Астана қаласының командасы иеленді. Күміс жүлде Қызылорда облысының командасына бұйырса, қола жүлде Түркістан облысының командасына табысталды.

Сондай-ақ жеке номинациялар бойынша үздіктер анықталды. «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік бомбардир» аталымдары бойынша жеңімпаздар марапатталды. Бұл қатысушылардың жеке шеберлігінің жоғары деңгейін айқындады.

Ұйымдастырушылар спортшыларға тартысты ойын үшін, ал жаттықтырушыларға командаларды сапалы дайындағаны үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Арман Ташметов мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті:

«Жалпы демеуші — Астана қаласы мәслихатының депутаты, „Munglobal“ компаниясының басшысы Нұрлан Мүслимге көрсеткен қолдауы үшін ерекше алғыс білдіреміз. Ол қатысушыларды спорттық киіммен қамтамасыз етіп, бағалы сыйлықтар табыстады», — деді ол.

«Келешек мектептері» турнирі мектеп спортының дамуына, жас таланттарды анықтауға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

#НұрланМүслим #Нұрлан Мүслим

Басқа жаңалықтар

Back to top button