Жаңалықтар

🎱 2026 жылғы 25 сәуірде Жезқазған қаласындағы «AL-TAIR» бильярд клубында қала әкімінің кубогіне арналған ерлер мен әйелдер арасындағы бильярд турнирі өтті.

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің шеберлігі мен дәлдігін көрсетті. Тартысты ойындар көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

🏆 Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

🔹 Ерлер арасында:

🥇 І орын – Қабылбек Абылайхан

🥈 ІІ орын – Елікбай Ілияс

🥉 ІІІ орын – Сагдиев Мади

 

🔹 Әйелдер арасында:

🥇 І орын – Кенгирбаева Гүльшат

🥈 ІІ орын – Айтқожаева Туғанай

🥉 ІІІ орын – Жанатова Аружан

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, мадақтама қағаздарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды 🏅

Аталған жарыс спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button