Жаңалықтар

ШҚО-да халықаралық халық өнері фестивалі өтеді

Өскемен қаласында 15-17 мамыр аралығында ұлттық мәдени мұраны сақтау және насихаттауға арналған «Ғасырлық дәстүрлер» халықаралық халық өнері фестивалі өтеді.

 

Ауқымды шара Қазақстан мен шетелдерден келетін 800-ге жуық сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін, қолөнершілер мен этнографтарды біріктіреді.

 

Фестиваль ұйымдастырушысы – ШҚО мәдениет басқармасы облыс әкімдігінің қолдауымен.

 

Фестиваль аясында қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі, танымал шеберлердің шығармашылық шеберлік сабақтары, сондай-ақ мәдени-танымдық және этнографиялық алаңдар жұмыс істейді.

 

Фестивальдің негізгі алаңы Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының Сол жағалау кешені болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button