ШҚО-да туристік орындардың негізгі бөлігі мобильді байланыс және интернетпен қамтамасыз етілді

Бұл туралы өңірдің туризм басқармасы хабарлады. Басқарманың мәліметінше, облыс туробъектілерінің цифрлық инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
– ШҚО-да 33 туристік орынның 24 -інде ұялы байланыс пен интернет бар. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Садыркөл, Қаракөл, Шыбындыкөл, Айыр және Дұбығалы көлдерінде, сондай-ақ Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында цифрландыру басымдыққа ие,-деді ШҚО туризм басқармасында.
Олар қазір өңірде заманауи спутниктік байланыс технологияларын енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты. Дұбығалы су қоймасының жағалауында Starlink терминалдарын орнату бойынша пилоттық жоба пысықталуда. Басқармада атап өткендей, жобаларды іске асыру бірінші кезекте сервис сапасы мен туристердің жайлылығын арттыруы тиіс.



