Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ынтымақтастық Маңызды келісімге Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі қол қойды. Меморандум аясында Жезқазған қаласында 6 мың көрерменге арналған жабық футбол стадионы мен заманауи теннис орталығын салу жоспарлануда.
Ұлытау облысының әкімі Есет Байкеннің айтуынша, аталған жобалар қала тұрғындарына, әсіресе балалар мен жастарға спортпен тұрақты түрде айналысып, өз қабілеттерін дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді.
«Бұл жобалар қала тұрғындарына, әсіресе балалар мен жастарға спортпен тұрақты түрде айналысып, өз қабілеттерін дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, биыл және 2027 жылы өңірімізде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның 25-тен астам ірі нысанының құрылысы басталады. Біздің басты міндетіміз – облысқа инвестиция тарту қарқынын сақтап, жүзеге асырылып жатқан жобалардың нәтижесі халық үшін нақты сезілуін қамтамасыз ету», – деді Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен.
6 мың көрерменге арналған жабық футбол стадионының құрылысын 2027–2028 жылдары жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа нысан жергілікті футбол командалары мен спорт мектептеріне жыл бойы жаттығу өткізуге, сондай-ақ түрлі жарыстар мен ойындарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Заманауи теннис орталығының құрылысы 2026–2028 жылдарға жоспарланған. Жоба аясында жабық және ашық теннис корттарын, әкімшілік-тұрмыстық кешенді, жаттығу залдарын, сондай-ақ спортшыларға медициналық көмек көрсету және жаттығудан кейін қалпына келуіне арналған бөлмелерді салу көзделген.
Сонымен қатар, «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен 2026–2027 жылдары Жезқазған қаласында мешіт пен Конгресс-орталық салу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, мәдениет нысандарын жөндеу, Кеңгір су қоймасының жағалауын абаттандыру және басқа да бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Аталған бастамаларды жүзеге асыру Жезқазған қаласында спортпен шұғылдануға және белсенді демалысқа жаңа мүмкіндіктер ашып, әлеуметтік және қалалық инфрақұрылымның дамуына қосымша серпін береді.



