⚖️ ЗАҢ ӘР АДАМНАН БАСТАЛАДЫ!

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының және қауіпсіздіктің негізі. Заңды сақтау тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.
📌 Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабына сәйкес, әр адам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Заңға құрмет – өз құқығыңды білуден ғана емес, өз міндетіңді адал орындаудан басталады.
Қоғамдағы тәртіп, өзара сыйластық, жауапкершілік және заң талаптарын сақтау – әр азаматтың күнделікті өміріндегі қарапайым әрекеттерден қалыптасады.
❗ Заңды сақтау – міндет.
Құқықты құрметтеу – мәдениет.
Тәртіпті сақтау – ортақ жауапкершілік.
Әрқайсымыз заңға құрметпен қарап, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға үлес қосайық!
ЗАҢ ӘР АДАМНАН БАСТАЛАДЫ!
ТӘРТІП – ӘРЕКЕТТЕН БАСТАЛАДЫ!
#ЗаңӘрАдамнанБасталады #ЗаңЖәнеТәртіп #ҚұқықтықМәдениет #ЗаңдыСақтайық #Тәртіп #Қазақстан



