– Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі артты

Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі артты
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 136 548 жеңіл автокөлік өндірілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38% жоғары.
Қыркүйек айында 19 377 жеңіл автокөлік шығарылды. Өндіріс көлемі өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 66,4%-ға, ал ағымдағы жылдың тамыз айымен салыстырғанда 35,5%-ға көп.
Қазақстанда автокөлік өндірумен 12 кәсіпорын айналысады. Жеңіл автокөлік өндірісінің негізгі көлемі Алматы қаласы мен Қостанай облысына тиесілі. Олардың үлесі тиісінше 50,5% және 49,5%-ды құрайды.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында «Автокөліктер, тіркемелер және жартылай тіркемелер» санаты бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі ақшалай мәнде 1,67 трлн теңгеге жетті. Осы санаттағы өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 129,9% деңгейінде қалыптасты.



