Жаңалықтар

Өнеркәсіп қызметкерлері «Әділет» партиясының бастамаларын талқылады

Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Құрылысмет» ЖШС-нің №2 өндіріс ғимаратының холында еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Александр Куприенко, Елжан Серғалиұлы, Саят Бакиров, Аяжан Мақан, Ербол Сармурзин және Рустам Танишпеков қатысты.

Кездесу барысында кандидаттар партияның негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат беріп, өнеркәсіп саласын дамыту, өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, еңбек жағдайларын жақсарту және жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар еңбек ұжымы өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өндіріс саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасу өтті. Кездесуге 70-ке жуық адам қатысты.

– Өнеркәсіп саласы – өңір экономикасының маңызды тіректерінің бірі. Өндіріс орындарының дамуы, жұмысшылардың еңбек жағдайы мен әлеуметтік қорғалуы ерекше назар аударуды қажет етеді. Бүгінгі кездесуде еңбек ұжымы өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, оларды толғандырған мәселелерді талқыладық. Мұндай кездесулер сала мамандарымен тікелей байланыс орнатып, олардың ұсыныстарын ескеруге мүмкіндік береді, – деді Аяжан Мақан.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Бекзат Қомарұлы Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button