BasNewsЖаңалықтар

Мұғалімдер мен оқушыларға арналған ұялы байланыс тарифтік жоспары іске қосылуы мүмкін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мұғалімдер мен оқушыларға арнайы тарифтік жоспар шығару мәселесі пысықталып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды BasNew.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Ұялы байланыс операторлары мен мұғалімдер мен оқушыларға арналған тарифтік жоспар шығару мәселесі пысықталды. Бұл тарифтік жоспар мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз қоңырауларды, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі белгілеген білім беру отандық ресурстарына қолжетімділікті қарастырады», – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бұл қашықтықтан оқытуға көшуге, сондай-ақ, еліміздің шалғай елді мекендерінде электрондық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button