BasNewsЖаңалықтар

Алматыда демалыс күндері бірқатар жолдар жабылады

Алматыда демалыс күндері карантин шараларының күшейтілуіне байланысты бірнеше жол жабылады, – деп хабарлайды Basnews.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес демалыс күндері (сенбі және жексенбі) 2020 жылдың 17 шілдесінен бастап арнайы тапсырысқа дейін сенбі күні таңертеңгі сағат 07.00-ден дүйсенбі күні сағат 07:00-ге дейін Ұлттық табиғи саябақтарға апаратын жолдарда (Медеу, Шымбұлақ, Алма-Арасан), көліктің барлық түрлері мен адамдардың өтуіне, көрсетілген аймақтардың тұрғындарын қоспағанда, қозғалыс шектеледі», – деп хабарлады қала полициясы.

Осыған орай, Алматы қаласының полициясы тұрғындарға тауға шығуды, оның ішінде жаяу серуендеуді доғара тұруға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button