BasNewsЖаңалықтар

Алматыда карантин кезінде массаж студиясы жұмыс істеп тұрған

Алматыда карантин кезінде жұмыс істеп тұрған массаж студиясы әшкереленді, деп хабарлайды Basnews.kz.

Қалалық ПД хабарлауынша, бұл жерде интимдік қызмет те көрсетілген.

«Монғолияның екі азаматшасы әкімші қызметін атқарды. Олардың басшылығымен 10 жеңіл жүрісті қыз интимдік кәсіппен айналысқан. Олардың жарнамаларында боди массажы деп тұр. Сыртынан қарасаң қарапайым үш қабатты тұрғын үйге ұқсайды. Ішінде – жатын бөлмелері, сауна, бассейн және басқа да бөлек бөлмелер бар. Күшейтілген карантин күндері әйелдер тек сенімді клиенттерді ғана кіргізген. Кеше түнде арнайы іс-шара нәтижесінде 12 адам ұсталды, олардың үшеуі Моңғолияның тумалары, біреуі Тәжікстаннан, тағы біреуі Өзбекстаннан, қалғандары еліміздің басқа аймақтарынан келгендер. Айтпақшы, аталған мекеме қызметкерлері сол жерде орналасқан шағын жатақханада тұрады», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Интимдік сипаттағы массаж жасауға үй-жай ұсынғаны үшін ғимарат иесі ҚР ӘҚбК-нің 450-бабында көзделген құқық бұзушылық негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚбК-нің 425 бабы «Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша массаж салонының қызметкерлеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button