BasNewsЖаңалықтар

Ақмола облысында автожолдарға 11 блокпост қойылды

Ақмола облысының аумағында блокпостар тәулік бойы қайтадан жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Basnews.kz облыстың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Аймақта коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін 24 шілде күні 00:00-ден бастап Ақмола облысында карантиндік шаралар енгізілді, ол локдаун аяқталғанға дейін әрекет етеді.

Бурабай ауданы ерекше бақылауда болады, мұнда 6 пост бар, 7 мобильді топ жұмыс істейтін болады. Зеренді және Ерейментау аудандары да кіретін жол жабылады. Мұндағы бақылау-өткізу пунктері Сайдалы және Самал көлдерінің жолдарында орналасқан.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аймақ аумағында 11 блокпост пен 10 мобильді топ жұмыс істей бастайды. Мұнда 100-ге жуық полиция қызметкері қызмет етеді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button