Дәурен Қайып: Шортандыдағы шаңғы трамплині кім үшін салынды?
Қазақстандағы біреулердің шексіз мейіріміне бөленіп қыруар қаражат жұмсалған, Астананың ЛРТсы ғана емес па деп қалдым.
Жақында жол түсіп Шортанды жақта болып қайттық. Табиғаты бір ерекше жер ғой, ауасы да сіңімді.Бір сөзбен айтқанда денге шипа. Сол, Шортандының өзіне жақындай бергенде мен-менделеп тұрған биік бір ғимырат көзге түседі екен. Қасымдағы серігім сол жердің азаматы болатын.
Ол менің көз алмай қарап отырғанымды байқаса керек. Бұл шаңғы трамплині ғой деді. Біз елді мекенге кіріп спорт кешеніне де жеттік. Бір ақ спортшылар келіп жарыс өткізіп, жаттығып жүргендерді көргенім жоқ.
Әйтеуір жергілікті ойын балалары оның етегінде сырғанақ теуіп, әуре-саранға түсіп жүргені.
Аязын былай қойғанда желі күшті аймаққа қандай данышпан трамплин салғызған деп кете бардық.
Астанаға оралған соң сол трамплиннің тарихын білгім келіп, түрлі ақпараттарға үңілдім.
Білгенім мынау.
Бұл обьекті долгострой болған екен. 2016 жылы трамплинге, Мәдениет және спорт министрлігі 38 миллиард 531мың теңге салған. Ол, сол кездегі доллардың бағамымен, шамасы 2 миллиардтай болады ау.
«Ақ жол»-партиясының бір депутаты бұл мәселені көтерген де.
Одан еш нәтиже болмаған. Оның айтуынша бұндай қаражатқа 30 спорттық мектептерді салуға жетеді екен.
Спорт мамандары жел 8-10 метр/сек, ауа температурасы-10, -15° тан асса шаңғышылар үшін қауіпті болып саналады. Ал, Шортандының желінің күшін айтып жатудың қажеті жоқ.
Алматыдағы трамплиннің өзі спорттық мақсатта ара-кідік пайдаланады. Шортандыдағы спорттық кешен кім үшін, қандай мақсатта салынды?
Мемлекеттік қызмет пен Жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің төрағасы Алик Жатқанбайұлы Шпекбаевқа менің қояр сауалым бар.
Құрметті Алик Жатқанбайұлы!
Шортандыдағы шаңғы трамплиніне бөлінген қаражат тиісті мақсатта жұмсалды ма?
Жоқ әлде қыруар қаржы жел боп ұшып, біреулердің шет елдердегі есеп шотына түсті ме?
Сіздер де тексеріс жүргізген боларсыздар.
Дәурен Қайып
- орфографикасы мен стилистикасы сақталған
- дереккөз facebook.com