BasNewsЖаңалықтар
Президент Қайрат Әбдірахмановты елші қызметінен босатты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Әбдірахмановты Швеция мен Даниядағы елші қызметінен босатты, – деп хабарлайды BasNews.kz
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды», – делінген Ақорда сайтында.
4 желтоқсанда Қайрат Әбдірахманов ресми түрде ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары болып тағайындалған болатын, сондықтан да барлық мемлекеттік қызметінен кетті.


