Германия Еуропалық Одақтың «жасыл» бағдарламасы аясында Қазақстанмен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруда
Берлин Еуразиялық клубының 30-шы отырысы барысында Еуропалық Одақтың «GreenDeal» бағдарламасын іске асыру, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ ЕО-ның «жасыл» және цифрлық экономикаға көшу жоспарларын іскеа сыру үшін қажетті шикізаттың маңызды түрлерін жеткізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды BasNews.kz.
Клуб отырысын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Скляр, ҚР Сыртқыістер министрінің орынбасары М. Баймұхан, ГФР СІМ Мемлекеттік хатшысы М. Бергер және Герман экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы О. Гермес ашты. Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан мен Германияның 100-ге жуық үкіметтік және іскерлік топтарының өкілдері, соның ішінде ҚР ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов, «Volkswagen», «BMW», «SAP», «Knorr-Bremse», «DeutscheBahn», «WeidmüllerHolding», «Henkel», «Linde», «HermannPausMaschinenfabrik GmbH», «HermannPausMaschinenfabrikGmbH», «DMT GmbH» және т. б. қатысты
Бейне конференц байланыс режиміндегі құттықтау сөзінде Роман Скляр ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың пандемия кезінде экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі бастамаларын ұсынды. Оның айтуынша, «жасыл экономиканы» дамыту басым бағыттардың бірі болып табылады.
«Энергия тиімділігі, кәсіпорындарда ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, «жасыл» қаржыға қолжетімділікті кеңейту және жасыл технологияларды енгізуді ынталандыру мәселелері ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар. ҚР мен ГФР, ортақ құндылықтар мен бөлісетін елдер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту және дамыту қажет деп санаймын», – деді Р.Скляр.
Өз кезегінде, ГФР СІМ Мемлекеттік хатшысы М.Бергер «еуропалық жасыл курс» жобасын іске асыру барысы туралы айтып берді, оның мақсаты парниктік газдардың бөлінуін 55%-ға қысқарту бойынша көрсеткіштерге қолжеткізу болып табылады.
Панельдік пікірталас барысында қатысушылар «жасыл энергетика» саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, шикізаттық, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы әріптестік туралы үкіметаралық келісім шеңберінде ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі бірлескен қадамдар қаралды.

Сонымен қатар, екіжақты кездесулер аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары М.Баймұхан және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғ.Өзбеков әріптестікті дамыту және германиялық «DERA», «Redpath Deilmann GmbH», «B. T. Innovation Gmbh», «Vorwerk&Co» және «Teppichwerke Gmb H&Co. KG» компанияларының басшыларымен бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды іскеасыру перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша неміс бизнесмендері кілем өндіру, ҚР аумағында тау-кен металлургия кешені жобалары үшін жабдықтар жинау және тұрғын үй нысандарын салу бойынша жобаларды іскеасыруға қызығушылық танытты. Сонымен қатар, БЕК отырысына қатысушылар Қазақстан мен Германияның экономикалық байланыстарына пандемияның теріс салдарын азайту бойынша бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастыруға келісті.
Іс-шараны ҚР ГФР-дағы Елшілігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Германия экономикасының Шығыс комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.
Анықтама: Берлин Еуразиялық клубы 2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және ГФР Сыртқы істер министрінің бұрынғы вице-канцлерінің, Х.-Д. Геншердің бастамасы бойынша Берлин Еуразиялық клубы көрнекті саясаткерлер, халықаралық сарапшылар, Қазақстанның, Германияның және Еуропаның басқа да елдерінің ғылыми-қоғамдық және іскерлік орталарының өкілдері тарапынан қатысу үшін ашық, Еуразиялық идеялар мен мақсаттарды бөлісетін бейресми диалог платформасы ретінде құрылды.



