BasNewsЖаңалықтар
Түркі музыкалық ансамблі ҚР Тәуелсіздік күніне орай қазақ туындыларын орындады
Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің Анкара Түркі әлемі музыкалық ансамблі бауырлас ел – Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай қазақ туындыларын орындады, деп хабарлайды BasNews.kz
Бұл жайлы видеоны Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook-тегі өз парақшасында жариялады.
Атап айтқанда, музыканттар сөзін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, әнін – Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан жазған «Елім менің» шығармасын орындады.


