BasNewsЖаңалықтар

Елордада тағы да боран соғады

Үш облыс пен Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, боран соғады және көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

18-19 ақпанда Нұр-Сұлтанда қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады, 19 ақпанда оның екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Осы күндері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с болатын жел соғады. Қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады, кей жерлерге тұман түсуі ықтимал, делінген хабарламада.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button