BasNewsЖаңалықтар

Коронавирус пандемиясы күшейеді – Билл Гейтс

Әлемнің ең бай адамдарының бірі Билл Гейтс жеке блогында осы жылдың қорытындысын жасады және вакцинаға қарамастан, коронавирус пандемиясы алдағы айларда күшейеді деп қауіптенетінін жазды, – деп хабарлайды BasNews.kz

«Өкінішке қарай, біз әлі тығырықтан шыққан жоқпыз», – деп жазды ол.

Миллиардер пандемияның күшеюі туралы айтқанда компьютерлік модульдер арқылы алынған деректерге сүйенген. Олар дүние жүзінде келесі айда жағдай нашарлайтынына сілтейді.

Гейтс маска тағу және әлеуметтік қашықтық сақтау коронавирус инфекциясымен күресте тиімді құрал болып қала беретінін атап өткен. Ал жалпы ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны 2021 жылы азая бастайтынын болжады. Себебі келесі 2021 жылдың көктемінде вакцина дайын болып қалады деп болжаған.

 

Back to top button