BasNewsЖаңалықтар

Талғардағы автобус жүргізушісінің әрекеті желі қолданушыларының наразылығын туғызды

Талғардағы автобус жүргізушісінің әрекеті желі қолданушыларының наразылығын туғызды, – деп хабарлайды BasNews.kz

Автопарк әкімшілігі осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Видео Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жарияланды. Онда ер адам ерсі қылық көрсетіп, балағат сөздер айтып, аялдамадан түсіп қалуды сұрайды. Жолаушы осы сәтті видеоға түсіріп алған.

«Ер адам Қабанбай батыр көшесінде тоқтамады. Өзі жаурап отырғандықтан есікті ашуға болмайтынын айтты», – дейді видеодағы әйел.

«АвтоАлма-Транс» автопаркінің өкілдері № 54 маршруттың жүргізушісіне қатаң сөгіс жарияланғанын айтты.

«Сонымен қатар, жүргізуші 30 күн мерзімге жұмыстан шеттетілді», – делінген жауапта.

Еске салайық, мұның алдында контролер мен жолаушы арасындағы жанжалдың видеосытараған еді. Кейінірек Алматы әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірген болатын.

 

Back to top button