BasNewsЖаңалықтар

Қазақстандық келіншек екінші сынып оқушыларына арналған тапсырмаға наразы болды

Қазақстандық келіншек екінші сынып оқушыларына арналған тапсырмадағы мәтін мазмұнына Facebook-те шағымданды, – деп хабарлайды BasNews.kz

«Әдебиетте 2-сынып оқушыларына оқуға арналған басқа шығарма табылмады ма? Пікірлерді оқи отырып, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың деңгейі жоғары екенін айтқым келеді. Күш көрсету қалыпты саналатын отбасыларда ата-аналар бұл шығарманың мағынасын түсіндіре ала ма?» – деп жазған әлеуметтік желі қолданушысы.

Ведомство өкілдері мектеп бағдарламасында бұл мәтін жоқ екенін айтты.

«Мұғалім мәтінді бейресми дереккөздерден алған. Мұғалімде БЖБ (бөлімді жиынтық бағалау) мен ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) үшін материалды таңдау құқығы бекітілгендіктен, мәтінді екінші сынып мұғалімі таңдаған, бірақ ол бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігімен келісілмеген, сондықтан екінші тоқсанның «Менің өлкем», «Менің мектебім» тақырыбына сәйкес келмейді», – деп жауап береді олар ресми сұрауға.

Басқарма өкілдері енді БЖБ мен ТЖБ әзірлеу бойынша «жас мұғалімдер мектебін» өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Сондай-ақ, осындай жағдайлар қайталанбауы үшін жас педагогтерге тапсырмалардың, мәтіндердің дайын үлгілері ұсынылады.

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы оқушылардың сапалы білім алуы үшін барынша күшін салып жатқандарын айтты.

Оқушыларға тапсырма ретінде берілген мәтіннің авторы – кеңес педагогы, жазушы, публицист, халықтық педагогиканың негізін қалаушы Василий Сухомлинский. Әңгіме «Қатыгездік» деп аталады.

Василий Сухомлинский мектептегі бағалаудың зияны туралы алғашқылардың бірі болып айтып, физикалық жазалауға қарсы шыққан.

Back to top button