BasNewsЖаңалықтар

Мереке күндері бес облыста қатты аяз болады

Аяздың көтерілуіне байланысты еліміздің бес өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды BasNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында температура күрт төмендеп, 27-32 градусқа дейін аяз көтеріледі, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түнде аяз 30-35 градусқа дейін, кей жерлерде 38 градусқа дейін көтеріледі.

31 желтоқсан 1 қаңтар аралығында Ақмола, Павлодар облыстарында ауа температурасы 30-35 градусқа күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде 38 градусқа дейін аяз болады.

31 желтоқсанда Қарағанды облысында ауа температурасы 25-30, кей жерлерде 35, 1 қаңтарда 30-35, кей жерлерде 39 градусқа дейін төмендейді.

1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 31-36 градусқа төмендейді, кей жерлерде 39 градус аяз.

Қатты аяз кезде техногендік өрт көбейіп, халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің коммуналдық жүйеде авария шығуы, көліктің бұзылу көбеюі мүмкін. Сонымен қатар үсіп қалу, авариялық-қалпына келтіру жұмысын жүргізу барысында пәтердердегі жағдайдың нашарлау ықтималдығы бар.

Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар министрлігі ауа температурасы өте төмен болған кезде далаға шықпауға, балаларды көшеге шығармауға кеңес береді.

* Ескерту жарияланғаннан кейін туыс-көршілеріңізді ескертіңіз, өйткені олар бұл туралы хабарсыз болуы мүмкін.

* Қатты аяз болған жағдайда далаға шықпаңыз, жеке автокөлікпен ешқайда бармаңыз.

* Егер сізге әлі де сыртта жүру керек болса, үсіп қалмас үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасауға тырысыңыз.

* Аязды күні далаға қолғапсыз, бас киімсіз және мойынорауышсыз шықпаңыз. Су және суық өткізбейтін, іші жылы қолғап киген дұрыс. Үскірік соғып тұрғанда сыртқа шықпас бұрын, дененің ашық жерлерді арнайы креммен майлаңыз.

* Аязда металдан (соның ішінде алтын, күміс) жасалған әшекей – сақина, сырға және т.б. тақпаңыздар. Біріншіден, металл тез суық тартады, теріге жабысып, адам жарақат алуы мүмкін. Екіншіден, саусақтағы сақиналар қалыпты қан айналымын тежейді. Жалпы, аязда денеге темірді тигізбеуге тырысыңыз.

* Желден қорғану керек, себебі үскірікте үсіп қалу ықтималдығы әлдеқайда жоғары.

* Табаны таймайтын аяқ киім киіңіз, қажет болған жағдайда табанға жабысқақ лейкопластырь жапсырыңыз.

Қатты аяз және көктайғақ кезіндегі жол аса қауіпті орынтабылады.

Back to top button