BasNewsЖаңалықтар

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК-сы Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BasNews.kz.

5-6 қаңтар аралығында Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шымкентте 5-6 қаңтар аралығында кей жерлерге тұман түседі. Түркістанда 5-6 қаңтарда кей уақытта тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.

5 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында үскірік аяз болады, кей жерлерде ол – 42 градусқа дейін жетеді.  Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%.

5 қаңтар күні Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыстан жел соғып, күндіз желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

5 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда 5 қаңтар күні күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

5 қаңтарда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік шығыстан жылдамдығы 15-20м/с жел соғады. Таразда 3-5 қаңтарда кей уақытта тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

 

 

 

Back to top button