BasNewsЖаңалықтар

Алматылықтар 6 миллиард теңгеге жалған шот-фактура толтырған

6 миллиард теңгеге жалған шот-фактура толтырған алматылықтарға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды BasNews.kz ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалған шот-фактуралармен бухгалтерлік құжаттарды материалдық сыйақы үшін жасап келген адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады.

«Тергеу кезінде Алматы тұрғындары 2017-2019 жылдар аралығында өзіндеріне тиесілі 7 ЖШС арқылы коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару үшін, ЖШС арасында 6 миллиард теңгеден аса сомаға сауда саттық болған делінген жалған шот-фактуралар жазумен айналысқаны анықталды.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен 3 қылмыскер ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлігі, 29-бабы 5-бөлігі және 216-бабы 3-бөлігі (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып 2,6 жылдан 3 жылғы дейін бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Включить звук

Сондай-ақ, сот үкіміне сәйкес, олар 10 жыл мерзімге экономикалық қызмет саласындағы жетекші лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сотқа дейін үй қамағындағы айыпталушы азаматтар, сот залынан қамауға алынғаны хабарланды.

Back to top button