BasNewsЖаңалықтар

Еліміздің 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК бірқатар облыстарда ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BasNews.kz.

8 қаңтарда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

8 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. Орал қаласында 8 қаңтар күні түнде және таңертең тұман күтіледі.

8-9 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерде тұман күтіледі. 8 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде 37 градус қатты аяз күтіледі.

8 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Тараз қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

 

 

Back to top button