BasNewsЖаңалықтар

Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы жеті адам қайтыс болды

Еліміз бойынша кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы жеті адам қайтыс болды, – деп хабарлайды, BasNews.kz ақпарат порталы ВАК өкілдеріне сілтеме жасап.

9 қаңтардағы мәлімет бойынша, короновирус жұқтырған 22 830 адам (10 874 КВИ+ және 11 956 КВИ-) аурудан емделіп жатыр, олардың ішінде 5 383 пациент стационарда, 17 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 283 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар бойынша, 7 қаңтарда 28 жағдай тіркеліп, 3 жағдай өліммен аяқталған. 59 адам жазылып шыққан.

Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны – 46 218, өлім жағдайлары – 522, барлығы 33 740 адам сауығып шықты.

Back to top button