BasNewsЖаңалықтар

Алматы маңында жер сілкінді

Алматыдан 65 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды BasNews.kz.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 9 қаңтар Алматы уақыты бойынша 09 сағат 18 минут 29 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 65 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 8.9.

Жерсілкінісі ошағының координаттары – 43.79° с.ш. 76.79° в.д. MPV магнитудасы – 4,3. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеді.

 

 

Back to top button