BasNewsЖаңалықтар

«Болды, рақмет!»: Божко зейнет демалысына кететінін мәлімдеді

Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко жаңа сайланымда лауазымын босататынын мәлімдеді, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Болды, рақмет. Мен тіпті мұнда Facebook-те жарияладым. Мырзалар, барлығыңыз тынышталыңыз. Кейбіреулер мені үнемі зейнетке шығарғысы келетін. Мен кетемін», – деді Божко.

Әзірге ол болашақта немен айналысатынын айтпады.

Божко Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинге алғысын білдірді.

«Себебі менің жасымда… ең бастысы – мен бұл жерде жақсы тәжірибе алдым. Бұған дейін де заң шығару процесінде болдым, бірақ бұл жерде, әрине, барлығына қажетті теңдессіз тәжірибе алдым. Мұның маған көп жағдайда пайдасы тиеді. (…)», – дейді Божко.

Депутат 2019 және 2020 жылдары әлеуметтік және қаржылық қолдауды күшейтетін көптеген заң қабылданғанын атап өтті.

«Екіншіден, қабылданған заңдарға сәйкес екі триллионға жуық теңге жалақыны, әлеуметтік жәрдемақыны тікелей азаматтарымыздың қалтасына түсірдік. Мен бес жыл жұмыс істегеніме ұялмаймын», – деді Божко.

Back to top button