BasNewsЖаңалықтар

«Базалық мөлшерлеме» ұғымы заң тұрғысында бекітілді

«Базалық мөлшерлеме» ұғымы заң тұрғысында бекітілді, – деп хабарлайды BasNews.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банк мәліметінше, Қазақстан заңнамасынан «базалық мөлшерлеме» ұғымына ауыстырылған «қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі» ұғымы алып тасталды. Бұл нормалар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «базалық мөлшерлеме» ұғымы заңнамалық тұрғыда бекітілді.

Осыған байланысты 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық салуда және кедендік реттеуде өсімпұл есептеу кезінде, сондай-ақ төлемдерді, бөтен ақшаны заңсыз пайдалану және мерзімі өткен сома үшін тұрақсыздық айыбын, берілген ақша сомасын индекстеуді, кеден бажын төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздарды индекстеуді кешіктіру кезінде азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастарда базалық мөлшерлеме қолданылады», – дейді Ұлттық банк өкілдері.

Back to top button