BasNewsЖаңалықтар

Коронавирус: Атырау мен Ақмола облысы «қызыл» аймаққа енді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 11 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды BasNews.kz.

Кеше, яғни 10 қаңтарда «қызыл» аймақта Ақмола мен Павлодар облыстары болған еді.

Бүгін «қызыл» аймақта Ақмола, Атырау облыстары орналасқан. Павлодар облысы «сары» аймаққа ауысты.

«Сары» аймақта сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар.

Қалған өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.

Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймаққа енгізілген.

Өткен тәулікте ел өңірлерінде коронавирустың жаңадан 746 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ 411 адам індеттен сауығып шықты. Коронавирустық пневмония 27 адамнан анықталды.

Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирусты барлығы 163 019 адам жұқтырды, жазылды – 149 082, қайтыс болды – 2 319 науқас.

Back to top button