BasNewsЖаңалықтар

Сайлаудың алдын ала қорытындысы: Мәжіліске үш партия өтті

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындысы шықты, – деп хабарлайды BasNews.kz.

Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша саяси партиялар келесідегідей дауыс жинады:

Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – 9,10 пайыз дауыс;
Nur Otan партиясы – 71,09 пайыз дауыс;
«Ауыл» партиясы – 5,29 пайыз дауыс;
«Ақ жол» партиясы – 10,95 пайыз дауыс;
ADAL саяси партиясы – 3,57 пайыз дауыс.

Қорытынды нәтиже аймақтық сайлау учаскелерінің қорытындысынан кейін белгілі болады.

Айта кетейік, 2021 жылғы 10 қаңтарда республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы алды.

Back to top button