BasNewsЖаңалықтар

Жаңа құрам бекітілгенге дейін Үкімет өз міндеттерін атқаратын болады – Жарлық

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Үкімет өз міндеттерін атқаратын болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жарлығы шықты, деп хабарлайды BasNews.kz.

***

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 15 қаңтар

№ 491

Back to top button