BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енді

Еліміздің үш өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды BasNews.kz.

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 16 қаңтар күні «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қостанай облыстары енгізілді.

«Сары» аймақта Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары тұр.

Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.

Еске салайық, кеше елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы шықты. Оған сәйкес, қалада карантин талаптары қайта күшейтілді. Демалыс күндері ойын-сауық мекемелері жұмысын тоқтатады. Сондай-ақ сенбі-жексенбіде қоғамдық көлік қатынамайды. Бұдан бөлек, православ христиандарының Шоқыну мерекесіне орай жаппай суға шомылуға тыйым салынды.

Өткен бәр тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы 972 адамнан анықталды.

Back to top button