BasNewsЖаңалықтар

Алматыда QI-Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының екі директоры ұсталды

Алматыда QI-Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының екі директоры ұсталды, – деп хабарлайды BasNews.kz.

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, QI-Trade Kazakhstan ЖШС-нің екі директоры – 1990 жылы туған С есімді ер адам, сондай-ақ 1994 жылы туған Б есімді ер адам ұсталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі бойынша квалификацияланған. Бір күн бұрын сот қамауға алу түріндегі алдын алу шарасын санкциялады. Сонымен қатар, ЖШС-нің бас директоры – 1994 жылы туған С есімді ер адам халықаралық іздеуге салынғанын еске саламыз. Қазіргі уақытта оның тұрған жері мен ұсталуын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Компанияның қазіргі шоттарына шектеулер қойылды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттерін жәбірленушілер мен осы ЖШС-нің басқа қызметкерлері жүргізіп жатыр. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеу органы заңды баға береді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустем Абдрахманов.

Back to top button