BasNewsЖаңалықтар

Елордада спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды

Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды, – деп хабарлайды BasNews.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 16 қаңтар сағат 10.18-де полицияның кезекші бөліміне елордадағы спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Спорт кешенінің жаттықтырушысы бассейнде қозғалыссыз жатқан қызды көргені анықталды. Оны судан шығарып, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасай бастаған. Жедел медициналық жәрдем келген соң 21 жастағы қыздың қайтыс болғаны анықталды», – деді полицейлер.

Қайғылы оқиға кезінде бассейнде тағы төрт адам болған. Қыздың бассейнге бірреттік абонентпен барғаны белгілі болды.

Осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр.

Back to top button