BasNewsЖаңалықтар

26-28 қаңтар аралығында қар жауып, күн жылынады

26-28 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BasNews.kz.

 «Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы үш күнде қар жауып, ауа температурасы көтеріледі.

Қазақстанның солтүстік жартысы жылы атмосфералық фронттың жолына түседі.

Ол аспанды тығыз бұлттармен жауып, қар жауғызады. Аяздың бетін қайтарады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Солтүстікте бұрқасын соғады.

Back to top button