BasNewsЖаңалықтар

26 қаңтарда Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды BasNews.kz Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасына сілтеме жасап.

«Ертең, яғни 26 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ» деп жазды Берік Уәли.

Аккредитациядан өткен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аталған іс-шараны «Қазмедиа орталығынан» дер кезінде таратуға мүмкіндік алады.

Back to top button