BasNewsЖаңалықтар

Тоқаев: «Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді»

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай вакцинациялауға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды BasNews.kz.

«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын», – деп жазды Тоқаев Twitter желісінде.

Айта кетейік, бүгін, 1 ақпанда Қазақстанда халықты коронавирус инфекциясына қарсы кезең-кезеңмен вакцинациялау басталды. Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтанның № 6 қалалық емханасында «Спутник V» вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырды.

Back to top button