BasNewsЖаңалықтар

Зейнетақы жинағын алу: Қанша қазақстандықтың өтініші құпталды?

8 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы жинақтарын алды. Бұл туралы «Отбасы банк» мәлімдеді, – деп хабарлайды BasNews.kz.

«Достар, алғашқы біржолғы зейнетақы төлемдері – 8 693 қазақстандықтың арнайы шоттарына түскені туралы қуана хабарлаймыз! Отбасы Банк – біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалануға арналған өтінімдерді 2 жұмыс күні ішінде қарайды және БЖЗҚ қаражатты өтініш берушінің арнайы шотына 5 жұмыс күні ішінде аударылатынын естеріңізге саламыз.

Ақша түскеннен кейін – жеке кабинеттегі ақпарат жаңартылады және 45 күн ішінде құжаттарды жүктеп тізімнен банкті таңдау мүмкіндігі пайда болады.

enpf-otbasy.kz жеке кабинеті арқылы жүктелген файлдар мақұлдағаннан кейін қабылдаушы тарапқа: сатушыға/банкке/ипотекалық ұйымға 10 жұмыс күні ішінде, көрсетілген деректемелерге қаражат аударылады», – делінген хабарламада.⠀

Back to top button