BasNewsЖаңалықтар

Зейнетақы жинағын алған алғашқы қазақстандық баспаналы болды

Шымкент қаласында тұратын алғашқы Қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып баспаналы болды, – деп хабарлайды BasNews.kz. Қуанышты жаңалықты «Отбасы Банк» Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

«Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін, келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім. Ал 1 ақпанда менің арнайы шотыма бір жолғы зейнетақы төлемдері түсті», – дейді баспана иесі.

Ол тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алған. Ал ипотеканы «Отбасы Банктен» алуды ұйғарған.

«Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарымды қолдандым», – дейді кейіпкер. – Ипотеканы «Отбасы Банктегі» аралық қарыз арқылы рәсімдедім, себебі пайыздық мөлшерлемесі және рәсімдеу жылдамдығы ұнады.

Банк өкілдері баспана иесін 3 жылдық жинақтарға қол жеткізгеннен кейін аралық заем бойынша пайыздық мөлшерлемесі 5 пайызға дейін төмендейтіні қуантқанын жазды.

«Салымшымыздың айтуынша несие бойынша мақұлдама тез берілді. Не бары 3 минут ішінде ол банктің мақұлдауын алды және несиені рәсімдеуге де көп уақыт жұмсалмады», – делінген хабарламада.

Back to top button