BasNewsЖаңалықтарСараптама

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Өткен аптадағы кадрлық тағайындаулар шолуын ұсынамыз.

Апта басында Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып Қайрат Телманұлы Қамбаров тағайындалды.

Қайрат Қамбаров еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласының Ішкі саясат басқармасында бас маман қызметінен бастаған.

Әр жылдары қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының мектеп және студент жастармен жұмыс бөлімінің басшысы, елорданың ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Соңғы жылдары «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 11 жылды құрайды. Қайрат Қамбаров меритократия принципіне сәйкес қалалық әкімдік бөлімінің маманынан аудан әкімі аппаратының басшысына дейін қызмет еткен тәжірибелі маман.

Сондай-ақ, Семей қалалық полиция басқармасының жаңа бастығы болып Шалқар Құнанбаев тағайындалды .

Шалқар Маратұлы 1971 жылы Семей облысы Аягөз ауданының Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Әр жылдары ШҚО Жарма, Бородулиха, Көкпекті, Аягөз аудандары ішкі істер органдарында басшы лауазымдарда жұмыс істеген. 2012 жылы Бесқарағай ауданы ішкі істер бөлімі бастығы лауазымына тағайындалған.

2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Алтай аудандық полиция басқармасын басқарды.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлық агенттігінде жаңа басқарушы комитет құрылды.

Комитетке Агенттіктің барлық жобаларының қызметін үйлестіру мен мүдделі мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен нәтижелі өзара іс-қимылды нығайту бекітілген.

Комитет басшысы болып 2017 жылдан бастап Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жобалық менеджментті дамыту орталығын басқаратын Жанар Тайжанова тағайындалды. Комитет жанында қоғамның белсенді өкілдері мен жоғары білікті салалық мамандар мен сарапшылар қатарынан сараптамалық кеңес жұмыс істейтін болады. Олардың қатысуы бірқатар бағыттар мен салаларда сыбайлас жемқорлықпен байланысты елеулі проблемаларға жобалардың нақты назары аударылуының өзектілігін арттырады.

Апта басында Лаура Садықова ҚР ИИДМ-нің Өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры болып тағайындалды.

Лаура Үмітбекқзы Садықова Қарағанды облысында дүниеге келген.

Білімі: АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдаман өткен, «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты, Қарағандыдағы «Болашақ» өзекті білім беру университетінде, К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын бітірген.

1996-2001 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қазақ тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер және аға ғылыми қызметкер болды.

2001-2002 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым департаменті Ғылыми-техникалық бағдарламалар және ақпараттық инфрақұрылым басқармасының бас маманы қызметін атқарды.

2002-2008 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК дамыту стратегиясы, ғылым департаменттерінің бас сарапшысы, бөлім бастығы, басқарма бастығы болды.

2008-2009 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өңдеу өнеркәсібі және ДСҰ департаменті директорының орынбасары болды.

2009-2011 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАгроИнновация» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.

2011-2014 жылдары С. Сейфуллин атынағы «Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Ғылым және инвестициялар жөніндегі проректоры болды.

2015-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің инновациялық даму департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті директорының орынбасары болды.

2020-2021 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жобалық басқару департаменті директорының орынбасары, директоры болды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Отбасылы, төрт баласы бар.

2 ақпанда Қарағанды әкімінің орынбасары болып бұған дейін облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып жұмыс істеген Тайхан Қалмаханов тағайындалды.

Тайхан Қалмаханов 44 жаста. Үш жоғары білімі бар. Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «режиссер, суретші мультипликатор» мамандығы бойынша, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «қаржы және құрылыс бакалавры» біліктілігі бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы қалалық шаруашылық басқармасында жетекші маман болып бастады. 2002 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қалалық құрылыс, сәулет және абаттандыру басқармасында жұмыс істеді. «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басқарды. 2014 жылдан 2016 жылға дейін Қарағанды әкімінің орынбасары болды. Содан кейін Қарағанды облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарды.

Дәл осы күні Атырауда Махамбет ауданының әкімі тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің депутаттары келісіміне сәйкес, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Махамбет ауданының әкімі болып Ринат Бауыржанұлы Джанглишов тағайындалды.

Ринат Бауыржанұлы 1982 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде, ал 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетінде заңгер, экономист және мұнай-газ ісі мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде тергеуші болып бастаған.

2006-2018 жылдары бірнеше жеке кәсіпорында басшылық еткен. Ал 2018-2019 жылдары Атырау қаласы мәслихатының хатшысы, 2019-2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары болған.

3 ақпанда Асқар Станиславұлы Тынысбеков ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Асқар Тынысбеков 1964 жылы Алматы облысында туған. 1984 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын, 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, 2005 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы Талдықорған қаласы трестінің спорт нұсқаушысы болып бастаған. Әр жылдары балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы-оқытушы, дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы, педагогикалық бөлімнің нұсқаушысы болып жұмыс істеді. 1991 жылы ҚР мемлекеттік органдарында еңбек жолын бастады.

1991-1992 жылдары — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясы шаруашылық органдарының салық салу бөлімінің мемлекеттік салық инспекторы.

1992-1994 жж. — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Қаржылық бақылау комитеті бөлімшесінің бас бақылаушы-ревизоры.

1994-1996 жж. — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ҚР Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің бөлімшесінің бас бақылаушы-ревизоры.

1996 жылы — ҚР ҚМ жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша бөлімшесінің бас бақылаушы-ревизоры.

1996-1998 жж. Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша салық инспекциясында жұмыс істеді.

1998-2000 жж. — Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары.

2000-2002 жж. — ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы.

2002 жылдан 2019 жыл аралығында ҚР Қаржы министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2019 жылғы қазаннан бастап қазірге дейін ҚР сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Апта ортасында Шавхат Өтемісов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды.

Шавхат Өтемісов 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1985 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, 2000 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Орал облысы Чапаев ауылындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастады.

1987-1992 жылдары комсомол органдарында жұмыс істеді. Осы кезеңде Чапаев аудандық комсомол комитетінің комсомол ұйымдары бөлімінің нұсқаушысы, меңгерушісі, Орал облыстық комсомол комитетінің ұйымдастыру-одақтық жұмыс бөлімінің нұсқаушысы, меңгерушісі, хатшы-меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1992-1994 жылдары Орал облыстық әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

1994-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысының жастар ісі, туризм және спорт басқармасының басшысы, туризм және спорт басқармасының басшысы болды.

2000-2001 жылдары Батыс Қазақстан облысы телерадиокомпаниясының төрағасы болды.

2001-2002 жылдары — Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2002-2006 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі қызметін атқарды.

2006-2007 жылдары — Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2007-2011 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісінің IV шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

2012-2016 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы.

2016-2021 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

Сондай-ақ, Нариман Жүнісов ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Нариман Жүнісов 1981 жылы туған. Омбы мемлекеттік аграрлық университетін (2003), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін (2007) бітірген.

2019 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы жекеменшік секторда бастаған.

2007 жылдан 2013 жыл аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2013-2014 жж. – ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2016 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары.

2016-2019 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы және жануарлар дүниесі министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық ресурстарын молайту және акваөсіру басқармасының басшысы.

2019 жылғы маусымнан қыркүйекке дейін — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы.

2019 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болды.

Сонымен қатар, Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жаңа басшысы тағайындалды.

Айгүл Баубекқызы Сәбитова 1964 жылы 20 мамырда бұрынғы Көкшетау облысының Көкшетау ауданы Еленовка ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Көкшетау кітапхана техникумын, 1994 жылы Алтай мемлекеттік мәдениет институтының Омбы филиалын бітірген. Білімі бойынша-клуб қызметкері және көркемөнерпаздар хор ұжымының жетекшісі, мәдени-демалыс қызметін ұйымдастырушы.

Еңбек жолын 1982 жылы Көкшетау аудандық мәдениет бөлімінде әдіскер болып бастаған.

1985-1994 жылдары Көкшетау аудандық мәдениет үйінің әдіскері, кейін аудандық «Көкше» мәдениет үйінің директоры болып қызмет атқарды.

2003 жылы Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды, әлеуметтік сипаттағы мәселелермен айналысты. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Көкшетау қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болды.

2021 жылғы 3 ақпаннан бастап Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды. А.Сәбитова «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» (2014) медальдарымен, «Мәдениет саласының үздігі» (2012), Балалар үшін «Алтын жұлдыз» (2014) төсбелгісімен марапатталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Апта соңында Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасұлан Тоққожаұлы Естенов Алматы облысының қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жасұлан Тоққожаұлы 1971 жылы туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушы экономисі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында «Мадияр» шағын кәсіпорнында бухгалтер болып бастады. Әр жылдары Алматы қаласы Медеу, Алмалы аудандары бойынша Салық комитеттерінде салық инспекторы, Алматы қаласы Алмалы аудандық қаржы бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Қаржы департаментінің бөлім басшысы, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымдарын атқарды.

2019 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін Алматы қаласындағы «Ер-Ай Инвест» ЖШС директорының кеңесшісі болды.

5 ақпан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры болып Жансейіт Түймебаев тағайындалды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылғы 5 ақпан күні «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма төрағасы – ректор лауазымына үміткер болған кандидатураларды қарастырды.

Аталған лауазымға үміткерлер ЖОО дамыту бағдарламаларын дайындап, ҚазҰУ Директорлар кеңесінің мүшелеріне таныстырды. Нәтижесінде конкурсқа қатысқан бірнеше үміткердің ішінен Жанар Амангелдіқызы Темірбекова мен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың кандидатурасы Республикалық комиссияның қарауына ұсынылды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық өткен Республикалық комиссия Директорлар Кеңесі ұсынған кандидаттармен әңгімелесу өткізіп, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы – ректоры лауазымына Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты таңдады.

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1980 ж. – С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Филолог» мамандығы бойынша бітірген.

2000 ж. – Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген, филология ғылымының кандидаты.

1980-1993 жж – Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент.

1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы.

1994-1997 жж. – Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің екінші, бірінші хатшысы.

1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы.

1999-2004 жж. – ҚР Президенті протоколының жетекшісі.

2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті протоколының жетекшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2006-2007 жж. – ҚР Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2007-2010 жж. – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі.

2010 жылдан – Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі.

2016 жылғы 6 қазаннан 2018 жылдың маусымына дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2018 жылдың 20 маусымынан – 2019 жылдың 28 ақпанына дейін– Түркістан облысының әкімі.

2019 жылдың 28 ақпанынан – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының басшысы. Мемлекеттік нагардалары: «Құрмет» және «Парасат» ордендері, медальдар иесі.

Сонымен қатар, Ерлан Сыдықов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры болып қайта тағайындалды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма төрағасы – ректор лауазымына үміткер ретінде конкурсқа қатысқан бес азамат әзірлеген университетті дамыту бойынша бағдарламаларын қарастырды.

Дауыс беру нәтижесінде Республикалық комиссияның қарауына Сәуле Көшкенқызы Амандықова мен Ерлан Батташұлы Сыдықовтың кандидатуралары ұсынылды.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық еткен Республикалық комиссия Директорлар кеңесі ұсынған үміткерлермен әңгімелесу өткізіп, «Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы – ректоры лауазымына Ерлан Батташұлы Сыдықовты таңдады.

Сыдықов Ерлан Батташұлы 1956 жылғы 29 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген.

1978 жылы «Тарих» мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 1984 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдады.

1996-1999 жж.– ҚР ҰҒА тарих және этнология институты.

2002-2004 – Қазақ гуманитарлық заң университеті, мамандығы – «Юриспруденция». Жамбыл технологиялық ет және сут өнеркәсібі институтының Семей қалалық филиалының стажер-зерттеушісі, КОКП тарихы және саяси экономия кафедрасының доценті, саяси тарих кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл технологиялық ет және сут өнеркәсібі институтының Семей қалалық филиалының коммерциялық және оқу-тәрбие жұмысы бойынша проректоры, Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің кеңесшісі, Семей педагогикалық институтының ректоры, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры болып жұмыс істеді.

2011 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры. Тарихи ғылымдардың докторы, профессор. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академик-мүшесі, вице-президенті (2014). «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2005). Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы (2009), Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының құрметті азаматы (2011).

Back to top button