BasNewsЖаңалықтар

«Арман Ауыл» қорының ұйымдастырумен «Ауыл Футбол Open» балалар турнирі өтті

Алматы облысындағы Жібек Жолы ауылында «Арман Ауыл» қорының ұйымдастырумен «Football Weekend» спорттық-ағартушылық шарасының аясында «Ауыл Футбол Open» турнирі өтті, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы matritca.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында «Ауыл Футбол Open» балалар турнирі өтті

Жарыстың ашылу салтанатында «АуылФутбол» жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов, «Арман Ауыл» Қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Алмас Тоқабаев және Алматы облысы «Жастар Ресурстық» орталығының басшысы Әлішер Нұржанов сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

«Арман Ауыл» Қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Алмас Тоқабаев

Алматы облысы «Жастар Ресурстық» орталығының басшысы Әлішер Нұржанов

Турнирге барлығы 8 командасы қатысты. Үздіктер бас қосқан “А” тобында Red Sapsans, JetyJal, Қарқаралы, Алатау Қаракестек және “B“ тобында Ақбарыс, Алдабергенов, RS-2, Алмалы командалары сынға түсіп, тартысты ойын көрсетті.

Топтық ойын нәтижесінде «А» тобынан жартылай финалға «Қарқаралы» және «Қаракестек», «В» тобынан «Ақбарыс» және «Алдабергенов» командалары топ жарып шықты. Финалдық ойында «Ақбарыс» және «Қарқаралы» клубтары қызықты ойын сыйлады.

“Ауыл Футбол Оpen” турнирінің Алматы облысы бойынша жеңімпаздары анықталды:

1 орын – «Ақбарыс» командасы

2 орын – «Қарқаралы» командасы

3 орын – «Алдабергенов» командасы

Турнирде балаларға өз ақ тілегі мен демеу білдіруге келген қазақ футболына еңбегі сіңген қайраткер, аты аңызға айналған футболшы Сейілда Байшақов және атақты футболшы Игорь Утробин қонақта болып, сөз сөйлеп жеңімпаздарды құттықтады.

Ауыл балаларының ойын барысында шыңдалған шеберліктері мен қабілеттерін, футболға деген талпыныстарын көруге ФК «Жас Қыран» скауттары келді. Бұл турнир ауыл балаларынан таланттарды таңдап, оларды клубқа шақыруға үлкен мүмкіндік.

«Ауыл Футбол Open» турнирі біз ашқан Ауыл Футбол Лигасын таныстыру мақсатында өткізген тұсаукесер турнирінің бірі. Былтыр осындай Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында үш турнир өткіздік. Қазіргі таңда өңірлерден ауыл командарының өтінімдерін жинап жатырмыз. 1 наурыздан бастап Лиганың өту мерзімі, форматы, турнирлер кестесін нақты бекітіп , аудан, облыс деңгейінде бастайтын боламыз», – дейді Серік Мәмбетов.

Ауқымды өткен турнирде футболшылар мен жанкүйерлеге футболдың атмосферасын толықтай сезіну үшін камералармен әр матчты түсірілім жасап, ойынды коментаторлар жүргізіп, ойын барысындағы заңдылықтарды сақтау үшін арнайы төрешілер мен көмекшілер(волонтерлар)жұмылдырылды.

Турнир соңында барлық командалар, жаттықтырушылар, қонақтар грамоталармен марапатталып кубоктор табысталды.

Балалар футболын дамытуға зор үлес қосқаны үшін алғыс хат алған азаматтар:

Аманбаев Жақсыбек Омарбекұлы – Еңбекшіқазақ ауданының спорт ардагері, Алмалы ауылының құрметті азаматы

Қыйрлыбаев Бақберген – Жамбыл ауданы Қаракестек ауылынан, 40 жылдан астам балаларды жаттықтырып келе жатқан жаттықтырушы

Сәрсенбаев Есбол – Жібек Жолы ауылында балаларға футбол алаңын салған кәсіпкер

Нүсіпжанов Қайрат – Қарасай ауданында көп жылдан бері балаларды футболға тартып жаттықтырып келе жатқан чемпиондардың тренері

“Футбол Weekend “ шарасына қолдау білдіріп келген астаналық қонақтарға және Алматы облысы әкімдігіне #АуылФутбол жобасы атынан алғыс білдіреміз.

Өткен барлық 16 матчтың видеосын біздің Ютуб каналдан тамашалай аласыздар! Видеоматериал бір аптаның ішінде дайын болады.

Сондай-ақ, турнирдің жоғары деңгейде өтуіне басты қолдау танытқан серіктестерімізге алғыс айтамыз.

Біздің серіктестер:

«Қайрат» ФК
TilBil-Jetisu
Plov_Gotov_Kaskelen
ТРК «АПОРТ»

Maтрица.kz бас медиа серіктесі
Kozildirik Media Компаниясы
BasNews
Керек-Инфо
ҚазАқпарат

Анықтама

«Арман Ауыл» қорының «Ауыл-Футбол» жобасы ауылда балалар футболын дамытуға бағытталған. Жобаның негізгі міндеттеріне ауылдық балалар клубтарына демеушілерді тартуға, футбол алаңдарын салуға көмектесу, футбол жабдықтарымен, спорттық формалармен қамтамасыз ету және жаттықтырушылар мен клуб жетекшілеріне арналған семинар-тренингтер, сондай-ақ «Ауыл» мерекесін ұйымдастыру және өткізу кіреді. Футбол лигасы (AFLkz).

Ауыл футбол лигасы (AFLkz) Қазақстан Республикасының 8 облысы өкілдерінің шешімімен 2020 жылдың желтоқсанында құрылған.
«Арман Ауыл» қайырымдылық қорының негізгі мақсаты мен міндеттері ауылдық жобаларды, спорттық, білім беру және ғылыми жобаларды қолдау бастамаларын ілгерілету.

Back to top button